ҚАРАҒАНДЫДА: -1°C
  • USD 429.75
  • EUR 507.45
  • RUB 5.61
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

«Тіл мерейі – ел мерейі» тақырыбындағы онлайн кездесу

18 Қыркүйек 2020 17:30

2020 жылдың 18 қыркүйегінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақанова Қарағанды қаласындағы Нығмет Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының ұстаздары мен оқушылары ұйымдастырған  «Тіл мерейі – ел мерейі» тақырыбындағы онлайн кездесудің қонағы болды.

Кездесу барысында түрік тілі мен қазақ тіліне, жалпы түркі тілдерінің туыстастығына қатысты басталған келелі сұқбат одан әрі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, жас ұрпақтың тіл мәдениетін арттыру, ауызша сөйлеуді жетілдіру жолдары, қазақ жазуына латын графикасын енгізу тәрізді мәселелерге ойысты.

Мектеп-интернат  оқушылары басқару органдарындағы тіл мәселесі, тілді жылдам үйрену жолдары т.б. өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды.

Қазақтың біртуар азаматы, Алаштың аяулы ұлы – Нығмет Нұрмақовтың атын иеленіп отырған мектеп-интернат оқушылары кездесу барысында ойлы да терең сұрақтарымен тәнті етті. Оқушылардың көп оқып, ізденетіні өз алдына, тіл мәселесіне бей-жай қарамайтынынан аталған білім ордасында қазақ тілінің болашағына деген үлкен жанашырлықтың бары аңғарылды. 

 
 










Артқа қайту