ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастыру» тақырыбындағы онлайн курс

11 Қыркүйек 2020 16:30

Қыркүйектің 7-11 аралығында Қарағанды қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Ресурстық тіл орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастыру» тақырыбында  Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мамандарына арнап онлайн курс өткізілді. Курсты Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресурстық тіл орталығының оқытушысы Камила Ерсінқызы жүргізді.

Курста латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы нақтылы мысалдармен түсіндіріліп, осы төңіректегі өзекті мәселелер ортаға салынды. Мамандар тек дәріс тыңдап қана қоймай, практикалық бағыттағы әртүрлі  тапсырмаларды орындап, диктант жазды. Тақырыпқа сай ойындар ұйымдастырылды.

Оқытушы мен тыңдаушылар арасында кері байланыс орнатылып, кітапханашы мамандар латын графикасына байланысты өз ұсыныс-пікірлерін білдіруде белсенділік танытты. Болашақта әліпбидің жаңа нұсқасы қабылданғанда әліпби құрамын тез танып, оқып, жазып кету үшін осындай курстардың маңызы зор болмақ.










Артқа қайту