ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастыру» тақырыбындағы онлайн курс

24 Шілде 2020 16:30

20-24 шілде аралығында Қарағанды қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Ресурстық тіл орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Шахтер» стадионы қызметкерлеріне «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастыру» тақырыбында курс өткізілді. Курсты Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресурстық тіл орталығының оқытушысы Фариза Ерланқызы жүргізді.

Курс барысында тындаушылар спорт саласына қатысты терминдерді қатыстыра отырып дайындалған сұрақтар мен тапсырмаларды орындау арқылы латыннегізді әлібиде оқу және жазу дағдыларын жетілдірді, онлайн диктант жазып, «Quizizz» бағдарламасы арқылы виториналық ойын сұрақтарына жауап берді.

Белсінділікпен қатысқан қызметкерлер арасында мемлекеттік тілді жетік меңгерген Марина Галяс та жазу реформасын құптап, жаңа әліпбиіге қызығушылық танытты.

P.S. Жақында ғана қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілген болатын. Демек, жаңа әліпбидің жетілдірілген соңғы нұсқасының бекітілер уақыты да алыс емес екені анық.










Артқа қайту