ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Жаңа әліпби – жаңа көзқарас» тақырыбындағы онлайн семинар

25 Маусым 2020 16:30

Теміртау қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ү.ж. 25 маусымда «Жаңа әліпби – жаңа көзқарас» атты қалалық семинар өтті. Семинарға Теміртау қаласының балабақша, мектеп және колледждердің қазақ тілі оқытушылары бас қосты. Бұл шараға спикер ретінде шақыртылған Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті мен Облыстық Тіл басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы мамандары дәріс оқыды.

Семинардың мақсаты - латын әліпбиін насихаттау, жаңа қазақ әліпбиін жас ұрпаққа үйрету мен оқытудың тиімді тәсілдерін үйрету. Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшудің өзекті мәселелері, ұстаздар алдындағы міндеттер қарастырылып, латын әліпбиін оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері ұсынылды.

Аталған мәселеге қатысты ұстаздар мен тәрбиешілер тарапынан сұрақтар қойылып, пікірлері тыңдалды. Дәріскер тек баяндама жасап қоймай семинарға қатысушылардың белсенділігін арттыру үшін сұрақтар қойып, пікір алмасты. Семинар соңында сала мамандарына сертификаттар табысталды.

P.S. Қазақ жазуын латын графикасына көшіру мезгілі жеткен мәселе екенін қазіргі Қазақстан қоғамында болып жатқан талқылаулар көрсетіп отыр.










Артқа қайту