ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 446.49
  • EUR 475.38
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

Танымдық сабақтар өтуде

20 Ақпан 2020 11:05

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың латыннегізді қазақ әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмасына сәйкес жетілдірілген әліпбидің бірнеше нұсқалары талданған болатын. Осы талдаудан кейін «Қоғамдық келісім» КММ, «Қарағанды жастар ресурстық орталығы» КММ мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен қызметкер арасында латыннегізді әліпбиге қатысты танымдық сабақ өткізу туралы ұсыныс түсті. 

Кездесу барысында әліпбидің нұсқалары таныстырылып, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтылды. Қызметкерлер де өз пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісіп, латыннегізді әліпбиге байланысты бірнеше жаттығулар орындады. Қатысушылар умлаут диакритикалық таңбасы бар нұсқасының көңілге қонымды екендігін айтып жеткізді. 

Сонымен қатар ү.ж. 19 қаңтар күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 41 мектепте «LATYN TIME» танымдық сағаты өткізілді. Шара барысында оқушылардың қолданыстағы акутты әліпбимен таныс екендерін, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша жұмыстардың жүріп жатқанынан хабардар екенін аңғардық. Оқушылар латын әліпбиіне көшу арқылы тіліміздің жаңғырып, заман талабына сай болу үшін жаңа әліпбиді қолдайтындарын айтты. Оқушылар суреттер арқылы жасырылған мақал-мәтелдерді еш қиындықсыз тауып, берілген сөздерді жарыса жазып та оқып та көрді.

 










Артқа қайту