ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 448.15
  • EUR 483.46
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

Латыннегізді әліпби нұсқаларына байланысты талқылау өтті

14 Ақпан 2020 15:25

Қарағанды облысының жоғарғы оқу орындарының филолог-ғалымдары, қалалық, аудандық тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандары, тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен әдіскерлері, оқытушылары, колледждер мен мектептердің педагогтері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың латыннегізді қазақ әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмасына сәйкес Ұлттық комиссиямен қарастырылып, жетілдірілген әліпбидің бірнеше нұсқаларын талқылап, өз пікірлерін ортаға салды.

Бұған дейін қазақ әліпбиін латынға көшіруге бойынша облыс аумағында көпшілік арасында жүргізілген дағдыландыру жұмыстарының барысында қолданыстағы акутты әліпбидегі кейбір таңбалар наразылық тудырғанын атап өтеміз.

Шараға қатысушы жергілікті ғалымдар мен тіл мамандары ұсынылған әліпбидің бірнеше нұсқасын талқылау барысында тіліміздің барынша ерекшелігін сақтап қалатын «умлаут» нұсқасын қолдады. Талқылау қорытындысы бойынша ұсынылған қорытындылар мен ұсыныс-пікірлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетіне ресми түрде жолданатын болады.

 

 










Артқа қайту