ҚАРАҒАНДЫДА: 28°C
  • USD 418.17
  • EUR 494.07
  • RUB 5.68
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

Жаңаарқа ауданында семинар өтті

13 Желтоқсан 2019 17:30

12 желтоқсанда Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен үкіметтік емес ұйым «TilKZ» ЖМ-нің ұйымдастыруымен аудан орталығы Атасу кентінде мемлекеттік мекеме, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлеріне қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Семинар жұмысы бөлім басшысы М.Мұқажановтың кіріспе сөзімен басталды, содан соң қатысушылардың латыннегізді қазақ әліпбиіне қатысты білімдері «СLASSFLOW» бағдарламасы арқылы зерделенді. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының директоры Гүлназ Мұстағұлова латын әліпбиіне көшудің тиімділігін нақты деректермен дәлелдей отырып, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелеріндегі, оның ішінде шеттілдік сөздердің емлесіндегі жаңалықтармен таныстырды. «TilKZ» ұйымының директоры Береке Жарылғапова қатысушылармен жаңа әліпби негізіндегі емле ережелерін меңгертуге бағытталған тренинг жүргізді.

Іс-шараның соңында семинардан алған білімдерінің нәтижелері сараланып, қатысушыларға сертификат табысталды.

 










Артқа қайту