ҚАРАҒАНДЫДА: -2°C
  • USD 377.86
  • EUR 418.74
  • RUB 6.10
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

Балқаш қаласында жаңа әліпби бойынша әдістемелік-семинар өтті

27 Қараша 2019 09:13

Ү.ж. 26 қарашада Балқаш қаласында «Латын әліпбиі - болашақтың таңдауы» атты әлеуметтік жоба аясында ұйымдастырылған қалалық әдістемелік-семинар өтті. Семинарға мектеп, балабақшаның 50 филолог маманы қатысып, Қарағанды облысының тілдерді оқыту ортылығы мамандарының үздік сандық жүйеде жасалған Thinglink, Playposit, Quzlet, Padlet онлайн сабақ үлгілерін көрді. Күнделікті дәстүрлі сабақта осындай алдыңғы қатарлы ІТ технологияларын қолдану тиімділігі түсіндірілді. Сондай-ақ аталған мекеменің «Тіл сарайы» атты сайтының жұмысы таныстырылды. Жалпы мұндай жаңа технологияларды сабақта қолдану, мұғалімнің уақытын үнемдейді, оқушының қызығушылығын арттырады, әдіс-тәсілдерді түрлендіруге көмектесетініне куә болды.

Сонымен бірге қазақ жазуы латын графикасына көшуге байланысты «Шеттілінен енген сөздерді игерудегі ұстанымдар» тақырыбында Ресурстық тіл орталығы әдіскерінің баяндамасы тыңдалды. Баяндамада тілдік норма, жазу тарихы, емле ережесін жасаудағы ұстанымдар, қазақ тілінің икемділігі жайлы сөз болды. Баяндаманың негізінде қойылған сұрақтарға мазмұнды жауап берілді.

Шара соңында қатысушыларға сертификат табысталып, қатысушылар оң пікірлер қалдырды.

 










Артқа қайту