ҚАРАҒАНДЫДА: -4°C
  • USD 388.07
  • EUR 427.54
  • RUB 6.08
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

Тренинг мектептерде

01 Қараша 2019 16:44

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен өткен 2018 жылғы 27 қыркүйектегі Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы хаттамасының 2-тармағына сәйкес «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған.

Осыған орай Жезқазған қаласының мәдениет және  тілдер дамыту бөлімінің «Тілтану»   оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ү.ж.  30 қазанында Кеңгір селосының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің және Талап ауылының №14 орта мектебінің мұғалімдеріне латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің емле ережесін түсіндіруге арналған «Латын қарпінде жазып дағдыланайық» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке  жалпы 52  мұғалім қатысты.

Тренингті «Тілтану»  оқу-әдістемелік орталығының латын графикасына көшу бойынша оқытушысы Ошағанова Ақгүл өткізді.

Семинар барысында Ошағанова Ақгүл ұстаздарды жаңа емле ережесінің жобасымен таныстырды, кейбір дыбыстарға, шет тілінен енген сөздердің жазылуына қатысты өзгерістерге кеңінен тоқталды, сондай-ақ түрлі тапсырмалар орындау арқылы қатысушылардың латын графикасында жазу, оқу дағдыларын қалыптастырды.

Сонымен қатар басқосу барысында  ұстаздардың да пікірлері тыңдалды және ұсыныстар қабылданды.

 










Артқа қайту