ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 446.49
  • EUR 475.38
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

Қазан айы бойынша «Latynsha jazyp daǵdylanamyz» тренингі

04 Қараша 2019 15:05

Ү.ж. қазан айында Ресурстық тіл орталығының мамандары жаңа латыннегізді әліпбидің оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы, Техникалық реттеу және метрологи комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің АК 159/1 мекемесінің қызметкерліне, Технология және сервис колледжі, Техникалық спорт түрлері мектебі, №2 Білім инновация лецей-интернаты, «Алданыш» және «Алтын бесік» бөбекжайлары, Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжі, №87 ЖББОМ және «Дарын» облыстық мамандырылған мектеп-интернатының оқытушыларына «Latynsha jazyp daǵdylanamyz» тақырыбында тренингін өткізді.

Қазан айында білім беру орындарына өткізілген тренингтер үлесі көп болды. Қызметкерлерге әртүрлі тапсырмалар берiлiп, латын графикасын оқытуға негізделген жаңа қазақ әліпбиінде әзірленген Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» орталығы мен Ресурстық тіл орталығының жобалары таныстырылды. Тыңдаушылар тренингтен өздеріне көп мәлімет алғандарын және бұдан былай әдістемелік көмек алып отыратындарын жеткізді.

Сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің АК 159/1 мекемесінде аталмыш тренинг екінші мәрте өтті. Мекеме тарапынан тренинг өткізуге ұсыныс түсіп, орталық мамандарымен бірігіп жұмыс істегісі келетіндерін білдірді.

Тренинг барысында бекітілген әліпби бойынша әріптерді танып, мақұлданған емле ережесі таныстырылды. Тренингке қатысушылар әліпбидегі өзгерістерді жетік меңгеріп қана қоймай, ең өзекті шеттілдік сөздердің емлесін де қиындықсыз қабылдады.  Дағды қалыптастыру үшін түрлі жаттығу түрлерін орындады, қызықтырған сұрақтарын ортаға салып талқылады. Жаңа  реформа жайлы өздерінің пікірлерін білдіре отырып, латын жазуына көшуді қолдайтындарын жетізді.

Қазан айында Ресурстық тіл орталығының мамандары Қарағанды облысы бойынша жалпы 11 мекемеден барлығы 313 адамға «Latynsha jazyp daǵdylanamyz» тренингін өткізді.

 

 










Артқа қайту