ҚАРАҒАНДЫДА: 14°C
  • USD 448.89
  • EUR 477.93
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

Ақтоғайда «Memlekettіk tіldі latyn grafıkasyna tıіmdі kóshіrý joldary» атты семинар өткізілді

17 Қазан 2019 13:37

16 қазан күні Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен әлеуметтік тапсырыс аясында мекеме қызметкерлеріне «Memlekettіk tіldі latyn grafıkasyna tıіmdі kóshіrý joldary» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Аталмыш семинарда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының директоры Мұстағұлова Гүлназ Серікқызы латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне көшудің алғышарттары мен кезеңдеріне тоқтай отырып, жаңа емледегі жаңалықтар мен шетелдік сөздердің емлесі туралы айтты.  

Саран қаласының «ТілKZ» мекемесінің директоры Жарылғапова Береке Өмірзаққызы қатысушы қызметкерлерге практикалық тұрғыда әр түрлі тапсырмалар беру арқылы жаңа әліпбиде оқу және жазу дағдыларын қалыптастырды. Сонымен қатар қатысушылар жаңа қазақ әліпбиін оқытудағы Ресурстық тіл орталығымен әзірленген IT-жобалармен таныстырылды.

Семинар соңында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, сертификаттар табысталды. Алдағы уақытта осы бағытта тиісті жұмыстар жалғасын табатын болады.

 










Артқа қайту