ҚАРАҒАНДЫДА: -4°C
  • USD 388.07
  • EUR 427.54
  • RUB 6.08
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» республикалық форумы өтті

28 Қазан 2019 11:54

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті 2019 жылғы 24 қазанда қазақ тілінің жаһандық кезеңдегі даму бағыттарына арналған "Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі" республикалық форумын өткізді.

Форумның мақсаты – қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру үдерісінің өңірлердегі іске асырылу деңгейімен танысу, жетістіктер мен өзекті мәселелерді айқындау, әр өңірдегі тіл мәселесіндегі өткір тұрған проблемалар талдау, оның шешімін іздеу.

Шараға облыстың және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының тілдерді дамыту басқармаларының, сондай-ақ оқыту орталықтарының басшылары мен қызметкерлері қатысып, латын графикасына көшу бойынша атқарған жұмыстары мен латыннегізді әліпбиді меңгеру бойынша өнімдерін, мемлекеттік тілді дамыту бойынша қызметтерінің жетістіктерін көрмеде көпшілік назарына ұсынды.

Секциялық жұмыстар бары­сында мемлекеттік тіл­дің бизнес, ғылым, білім, БАҚ салаларындағы қолда­ны­сын кеңейту, қазақ тілін меңгертудің заманауи әдіс­те­месі, жаңа әліпби емле­сі­не қатысты мәселелер бойынша пікірталас өткізілді.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі  басқармасы мен Ресурстық тіл орталығының өкілдері осы көрмеге қатысып, көрме қонақтарын облыстағы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда атқарылып жатқан шаралар мен жаңа латыннегізді әліпбиді меңгеру бойынша әзірленген жобаларымен таныстырды.

 










Артқа қайту