ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 388.96
  • EUR 432.21
  • RUB 6.09
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

Саран қаласының өрт сөндіру бөлімінде тренинг өткізілді

30 Қыркүйек 2019 15:03

2019 жылғы 27 қыркүйекте Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Саран қаласының өрт сөндіру бөлімінде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге осы бөлімнің қызметкерлері  қатысты.

Іс-шараны орталық директоры  Гүлнар Шакенова ашып, кездесудің мақсат-міндеттеріне тоқталды. Тілдерді дамыту орталығының әдіскері Береке Жарылғапова қатысушыларды латын графикасына көшудің тиімді жақтарымен, жаңа әліпбиге көшу кезеңдерімен, білім саласының латын әліпбиіне көшу кестесімен таныстырды.

Іс-шараның соңында «Латынша жазып дағдыланайық» атты тренинг өткізілді. Тренинг барысында қатысушылар жаңа әліпбимен және жаңа емле ережелерінің жобасымен танысты, ережелерді есте сақтау мақсатында берілген практикалық тапсырмаларды орындады.

 










Артқа қайту