ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 448.15
  • EUR 483.46
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

Қарағандыда жалпыоблыстық диктанттың үздіктері марапатталды

25 Қыркүйек 2019 15:13

Осыдан отыз жыл бұрын 22 қыркүйекте тіл туралы Заң қабылданды. Содан бері мемлекеттік тіл саясатын дамытуда біршама жұмыстар атқарылды, заман талабына сай тіл саласындағы міндеттер де өзгерді. Соның бірі – Елбасының 2017 жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру міндеті.

Былтыр 14 қарашада жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру мақсатында республика бойынша өткен «жалпыхалықтық диктант» биылғы жылы да дәстүрлі түрде облыстық деңгейде өтті. Биыл бұл шараға 120 мыңға жуық тұрғын, атап айтсақ 119 мың 293 адам, оның ішінде 9103 мемлекеттік қызметші, 34996 мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың қызметкерлері, 18539 студент, 37394 оқушы және 19261 басқа да санаттағы облыс тұрғындары қамтылды.

Биыл мемлекеттік мекемелермен бірге «Қазақмыс» Корпорациясы ЖШС, «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қарағанды Су» ЖШС, «Қарағанды Жылу Сбыт» ЖШС, «Қазпочта» АҚ сынды мекемелерді де белсенді қатысқаны көңіл қуантты.

Жалпыоблыстық диктанттың қорытындысы бойынша жаңа әліпбиді меңгерту бойынша сертификаттары бар әдіскерлер мен оқытушылардан құралған арнайы жұмыс тобы 200 диктант тапсырушылардың орфографиялық, пунктуациялық ережелерді меңгергенін, есте сақтауын бағалай отырып, ішінен диктантты ең үздік жазған 28 тұлғаны іріктеп алды.

Барлық жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ орындармен, сондай-ақ ақшалай сыйлықтармен ынталандырылғанын атап өткен жөн. Бұдан басқа диктантқа қатысқан барлық 200 адам назардан тыс қалмай белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысхаттармен марапатталды. Олар бұл бастаманы келесі жылы да жалғастыру жөнінде өтініштерін білдірді.

Атап өтетін бір жайт, облыс аумағында жаңа әліпбиде оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіліп жатқан тренингтерге белсенді қатысып жүрген сот, полиция, қазынашылық, облыстық архив, статистика сынды мекемелердің жаңа әліпбиде жазу қарымдары жоғары екені диктант барысында анық байқалды.

 










Артқа қайту