ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

Тіл мерекесі Теміртауда

07 Қыркүйек 2019 14:19

Үстіміздегі жылдың 6 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы Теміртау қалалық Ішкі істер басқармасымен бірігіп "Тұғырлы елдің тұғырлы тілі" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 60 шақты полиция қызметкерлері қатысқан шара барысында латыннегізді әліпбимен де таныстыру мақсаты көзделіп, тренинг жүргізілді.

Мерекелік шараның жоспарына сәйкес әуелі Қазтест оқу жүйесі мазмұнындағы оқулықтар мен жаңа қазақ әліпбиіндегі материалдарынан жинақталған көрме келушілер назарына ұсынылды.

Тренинг барысында жаңа әліпби жаңалықтары мен әріптердің таңбалануымен таныстыратын бейнежазба тамашалап, тақырыпқа шому мақсатында бірнеше сұрақтарға жауап берді. Аудитория өзге ұлт өкілдерінен құралғанымен жаңа әліпбиді үйренуге деген қызығушылықтары мол екендігін тапсырмаларды орындау барысында көрсете білді. Аталған қысқа уақыт аралығында тыңдаушылар жаңа әліпбиде оқып қана қоймай, жазып жаттықты. Ішкі істер органы қызметкерлері жазылым,оқылым дағдыларын қалыптастыру мақсатында құрылған тапсырмаларды орындап,тренинг соңында мерекеге арналған ыстық лебіздерін білдіріп, латыннегізді әліпбиді үйренуге дайын екендіктерін жеткізді.

 










Артқа қайту