ҚАРАҒАНДЫДА: -2°C
  • USD 389.34
  • EUR 428.78
  • RUB 6.05
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

«Мемлекеттік тіл- мемлекеттік қызметте» байқауының жеңімпаздары марапатталды

06 Қыркүйек 2019 16:32

2019 жылы 5- қыркүйек күні Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына және 5-қыркүйек- Қазақстан халқының тілдер күніне орай мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ұйымдар арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» аудандық байқауын өткізді.


Байқау «Біз мемлекеттік тілді дамытуға қандай үлес қосудамыз?» тақырыбындағы «Сәлемдесу», «Сыр сандық», «Қазақша оқы, latynsha jaz», «Мәңгілік Ел – Мәртебелі тіл» атты үй жұмысы кезеңдерін қамтыды.


Байқау қорытындысында Бас жүлдені Шет аудандық орталық кітапхананың «Тіл» командасы, І орынды Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейдің «Үш тұғырлы жастар» командасы, ІІ орынды Ш.Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығының «Жалынды жастар» командасы, жүлделі ІІІ орынды Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның «Асау тұлпар» командасы иеленді. Жүлдегерлерге арнайы диплом мен қаржылай сертификаттар тапсырылды.

 










Артқа қайту