ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 386.71
  • EUR 429.17
  • RUB 6.02
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

Jańǵyrýdyń jarshysy - jańa álipbı. атты қалалық байқауы өтті

20 Тамыз 2019 15:42

«Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу барысын кеңінен насихаттау мақсатында 2019 жылғы 16 тамыз күні «Jańǵyrýdyń jarshysy - jańa álipbı» атты қалалық байқауын өткізді.
         Байқауға қала бойынша мемлекеттік мекеме қызметкерлері  мен бөбекжай тәрбиешілері қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты: латын графикасында жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында сауатты жазу мәдениетін дамыту және де қазақ қоғамының латын графикасына бейімділігін арттыру болатын. Қатысушыларға 4 кезеңнен тұратын әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар берілді. Әділқазылар алқасының талдамасы негізінде І орынды «Балбөбек» бөбекжайының тәрбиешісі Удербаева Баян Мынбосыновна, ІІ орынды  «Приозерск қаласы білім бөлімі» ММ-нің жастар тәжірибесінен өтуші Бессенова Мөлдір Кенжабаевна және ІІІ орынды Әбілда Арайлым Абдулғазизқызы иеленді. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар, мадақтама грамоталары және алғыс хаттар табысталды.

 










Артқа қайту