ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

Latyn qarpinde jazyp daǵdylanamyz

05 Тамыз 2019 09:24

2019 жылдың 30 шілде, 1 тамыз күндері  Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің латын әліпбиіне көшу ісі бойынша әдіскері «Latyn qarpinde jazyp daǵdylanamyz» атты кезекті тренингін «Жаңаарқа-Жылу», демалыс саябақтары және стадионды басқару мекемелерінде өткізді.

Шара латын әліпбиіне көшу ісінің маңыздылығын айтудан басталды. Себебі халық арасындағы жаңсақ пікірдің күшін жою қажет.  Әрі қарай жаңа емленің құрылымы, жаңалығы, ұтымдылығын айтумен жалғасын тапты. Тренинг барысында әр ережені меңгерту мақсатында түрлі тапсырмалар орындалды. Қатысушылар үшін оқу емес, жазу дағдысын қалыптастыру қиындық келтірді. «Қандай әріптер оқуда қиындық тудырады?» деген сұраққа аудитория «и, у, ш әріптері», - деп жауап берді.

Алдағы уақытта бұл тренингтер жыл соңына дейін жүргізіліп отырады.

 










Артқа қайту