ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 446.49
  • EUR 475.38
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

Жаңа бастама жаңа белестерді бағындыра бастайды

12 Тамыз 2019 08:58

Заман талап еткен латын әліпбиіне көшу қазақ тілін жаңа белеске бастайды. Бүгінде бұны барша қазақстандықтар ұғынып, еліміздің түкпір- түкпірінде латын графикасындағы қазақ әліпбиін насихаттау мен меңгеру қарқынды жүргізілуде. Осы орайда Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен Жезқазған қаласындағы 44803-Д әскери бөлімінде де аталған бағытта кешенді шаралар қабылданған. Жезқазған қаласының «Тілтану» оқу – әдістемелік орталығының латын графикасына негізделген қазақ тілінің оқытушысы Ералиева Айжан Рүстемқызы «Латынша қарпінде жазып дағдыланамыз» атты тақырыпта тренинг өткізді.

Әскери қызметшілерге тренинг барысында латын әліпбиіне көшудегі басты мақсат түсіндіріліп, олардың көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, жақын болашақта қолданысқа енгізілетін жаңа әліпбидегі қаріптермен танысып, мәтін жазу арқылы дағдыларын қалыптастырды. Және оқып та үйренді. Дегенмен, осы тапсырмаларды орындау барысында әскерилерге латын графикасындағы әліпби қиындық тудырмады. Өйткені, бүгінде бұл әліпбидің қолланыс аясы кеңейіп, көпшіліктің көзі үйренген.

 Тренинг әскери қызметшілердің латын әліпбиіне деген қызығушылығын жаңа қырынан ашты десек, артық айтқандық емес. «Осы оңды қарымды бастамаларды назарға алып, алдымызға қойылған кез келген тапсырманы орындап, елге қызмет ету біздер үшін үлкен мәртебе» - дейді әскери қызметшілер.

 










Артқа қайту