ҚАРАҒАНДЫДА: 19°C
  • USD 386.04
  • EUR 427.77
  • RUB 5.88
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

Саран қаласында тренинг өтті

01 Тамыз 2019 16:54

Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 23 шілдесінде 44803 әскери бөлімде және 30 шілдесінде Ақтас кентінің әкімі аппаратында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге осы мекемелердің қызметкерлері  қатысты.

Қатысушылар орталық мамандарының тарапынан латын графикасына көшудің тиімді жақтарымен, жаңа әліпбиге көшу кезеңдерімен, білім саласының латын әліпбиіне көшу кестесімен таныстырылды.

Іс-шараның соңында «Latyn qarpinde jazyp daǵdylanamyz» атты тренинг өткізілді. Тренинг барысында қатысушылар жаңа әліпбимен және жаңа емле ережелерінің жобасымен танысты, ережелерді есте сақтау мақсатында берілген практикалық тапсырмаларды орындады.

 










Артқа қайту