ҚАРАҒАНДЫДА: -14°C
  • USD 383.95
  • EUR 429.26
  • RUB 6.16
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

Тренингтің шілде айы бойынша қорытындысы

31 Шілде 2019 16:25

Ү.ж. шілде айында Ресурстық тіл орталығының мамандары латын графикасына негізделген жаңа емле ережелерімен танысу мақсатында «Теплотранзит Караганда» ЖШС, «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығы» КМК және «Сарыарқа» ӘКК» ҰК сияқты ұйымдарда, сондай-ақ «Нәзік», «Қуаныш» және «Айналайын» балабақшаларында «Latyn qarpinde jazyp dadylanamyz» тақырыбында тренингтер өткізді.

Тренинг қатысушылары жаңа әліпбиде оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру бойынша тапсырмаларды орындады, сондай-ақ олар қазақ тілінің жаңа графикасын оқытуға бағытталған жобаларымен танысты. Әр түрлі тиімді әдістерді қолдана отырып, қызықты тапсырмалар тыңдаушыларға ішкі психологиялық кедергілерді жеңуге мүмкіндік берді.

Қатысушылар латын графикасына көшу оларды бей-жай қалдырмай, емле ережелеріне өзгеріс енгізуді талап ететін кейбір жағдайларға қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

Шілде айында тренингтермен барлығы 7 ұйымнан 148 адам қамтылды.

 

 










Артқа қайту