ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

Тіл. Рух. Жаңа графика.

03 Маусым 2019 10:27

«Жаңа қазақ әліпбиін меңгерудің тиімді жолдары» атты семинар-тренингтің үшінші кезеңі ү.ж. 27-30 мамыр аралығында Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарында өтті.

Спикерлер ретінде «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының кеңесшісі, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының директоры Гүлназ Серікқызы Мұстағұлова, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің әдіскері Айшат Уәлиоллақызы Ғаббасова сөз сөйледі.

Аталған іс-шараға осы өңірлердің тұрғындары, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қызмет қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау саласының мамандары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Семинар-тренинг барысында қатысушыларға жаңа алфавитті тиімді меңгерудің жолдары түсіндірілді, сондай-ақ жаңа әліпбиді үйрену бойынша әзірленген IT-жобалар таныстырылды. Әр аудиторияда қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындау арқылы жаңа әліпбиде оқу және жазу дағдысын қалыптастыру мүмкіндігіне ие болды.

Жалпы семинар-тренингтің үш кезеңінде 3200-ге жуық адам қамтылды.

 










Артқа қайту