ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

Саран қаласында «Жаңа емле мазмұны және оқытудың әдістемелік мәселелері» семинар-тренингі өтті

06 Маусым 2019 11:15

         Ү.ж. 4 маусымда Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы және білім бөлімінің ұйымдастыруымен №4 жалпы білім беретін мектепте «Жаңа емле мазмұны және оқытудың әдістемелік мәселелері» тақырыбында әдістемелік семинар-тренинг өтті. Іс-шараға қаладағы тіл мамандары қатысты. Тіл мамандарына жаңа емле ережелері бойынша әдістемелік көмек көрсету үшін Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасының жанындағы Ресурстық тіл орталығы бөлім меңгерушісі Жақанова Жұпар Рысқұлқызы арнайы шақырылды.

         Жұпар Рысқұлқызы қатысушыларды қазақ тілі орфоэпиясы, айтылым нормалары, жаңа әліпбиді меңгертудің әдістемелік мәселелері, жаңа қазақ әліпбиінің графикасы мен құрылымы сияқты өзекті мәселелермен таныстырды. Семинардың келесі жартысында сөз алған орталықтың әдіскері Береке Жарылғапова қатысушыларды дефиспен, бірге, бас әріппен жазылатын сөздердің емлелерімен және шеттілдік сөздердің емлесімен таныстырды. Семинар барысында әрбір ереже бойынша практикалық жұмыстар мен тренингтер өткізілді. 

          Іс-шараға жалпы 35 адам қамтылды.










Артқа қайту