ҚАРАҒАНДЫДА: 14°C
  • USD 448.89
  • EUR 477.93
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Jańa emleni oqytýdyń ádistemelik máseleleri» тақырыбында оқыту курсы өтті

26 Сәуір 2019 16:13

      2019 жылғы 25-26 сәуір күні Сәтбаев және Жезқазған қалаларының тілдерді дамыту бөлімінің сұранысы негізінде қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі бойынша жауапты мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Jańa emleni oqytýdyń ádistemelik máseleleri» тақырыбында оқыту курсы өтті.

      Оқыту курсына жалпы орта білім беретін мектептер, мектепке дейінгі мекемелер, колледждердің қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, бастауыш сынып мұғалімдері, әдіскерлері, қоғамдық денсаулық сақтау және төтенше жағдай басқармалары мен прокуратура қызметкерлері қамтылды. 

      Курс барысында дәріс оқыған Латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс жүргізу бөлімінің меңгерушісі Жақанова Жұпар Рысқұлқызы жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін түсіндіріп, тыңдаушыларға тре тренингтер өткізіп, практикалық жұмыстар жасатты.

      Оқыту курсының маңыздылығы мен қажетті ақпаратқа толы екендігін баса айтқан тыңдаушылар ұйымдастырушыла мен Жұпар Рысқұлқызына алғыстарын білдірді.

 










Артқа қайту