ҚАРАҒАНДЫДА: 13°C
  • USD 448.56
  • EUR 478.03
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Латыннегізді әліпбиді меңгерейік» тренингі

08 Мамыр 2019 10:49

      Ү.ж. жылдың cәуір айында Ресурстық тіл орталығы Ұлттық комиссия тарапынан мақұлданған латын графикасына негізделген қазақ тілі емле ережесімен таныстыру мақсатында Қарағанды көлік прокуратурасы,Күзет полициясы, Қарағанды облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті,  Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, Қарағанды облысының білім басқармасы, «Теміржолшылар» мәдениет сарайы, Әділет департаменті, «ҚР Ұлттық банкі» РММ-нің Қарағанды филиалы, Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Қарағанды облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Қарағанды облысының қаржы басқармасы, Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы, №82 ЖББОМ және ЖШС «Nәtige» сүт фабрикасы» мекемелерінің жұмыскерлеріне «Латыннегізді әліпбиді меңгерейік» тақырыбында тренинг өткізді. 

      Тренинг барысында қатысушыларға тапсырмалар мен жаттығулар берiлді, жаңа графикада оқу және жазу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін мобильді қосымшалар таныстырылды. Сонымен қатар, қатысушылар әр түрлі салалардағы терминдердің жаңа емлесімен таныстырылып өтті.

      Сәуір айы бойынша тренингтер 18 мекеме ішінен барлығы 407 адамды қамтыды.

 










Артқа қайту