ҚАРАҒАНДЫДА: 9°C
  • USD 379.29
  • EUR 426.40
  • RUB 5.93
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

«Үштілді» көшбасшы интеллектуалдық байқауы Қарағанды медицина университетінде

20 Наурыз 2019 17:35

Ресурстық тіл орталығы мен Қарағанды медицина университетінің ұйымдастыруымен ү.ж. 20 наурызда Наурыз мейрамының қарсаңында университет базасында «Үштілді көшбасшы» интеллектуалдық байқауы өткізілді. Осындай байқау Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті және Қарағанды экономикалық университетінде өткізілген болатын. 
         Байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, тілдің үштұғырлығы саясатын жүзеге асыру, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту. 

Шарада Қарағанды медицина университетінің бірінші курс студенттері арасынан 8 ойыншы қатысты.  Аталмыш байқау 4 кезеңнен тұрып, әр кезеңде тарих, салт-дәстүр, кино әлемі, т.б. тақырыптарда сұрақтар мен тапсырмалар үш тілде берілді. 4 кезеңнің нәтижесі бойынша, Ахметов Ерасыл Үштілді көшбасшы атанып, ал ІІ орын мен ІІІ орынды Шәкір Дәулет пен Рахибаева Аружан иеленді. 
         P.S. Осындай байқау алда Қарағандының басқа да жоғары оқу орындарында өткізілетін болады.

 


Артқа қайту