ҚАРАҒАНДЫДА: 18°C
  • USD 377.18
  • EUR 426.14
  • RUB 5.98
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

Наурыз мейрамы «Мәміле» тілдесу клубында

18 Наурыз 2019 12:16

Биылғы жыл «Мәміле» тілдік клубына құтты жыл деуге болады. Ұлы Наурыз мерекесінің алдында Қарағанды қаласының «Нәтиже» сүт фабрикасының басшысы, табысты кәсіпкер, полиглот, нағыз тіл жанашыры – Ерлан Әшім спикер болып бізге құрмет көрсетті. Көп тіл білудің пайдасы туралы айтылған тілдік клубта жексенбілік кештің қалай тез батқаны да байқалмай қалды.

 «Тіл білу сол халықтың жанын түсіну» деп бастаған Ерлан Әшім, қазақ тілін білу – қазақты тереңінен түсіну деген сөз деп түсіндірді. Сонымен қатар, қазақ тілін білу – уақыт талабы екенін, мемлекеттік тілді білу сіз үшін көптеген есіктерді аша атап өтті.

Кәсібіне байланысты шетелге жиі шығып тұратындықтан, оңтайлы келісімге келуге осы тіл арқылы жететінін, қай елге барса да сол елдің жиі қолданатын 50 сөзін міндетті түрде жаттап алатынын жеткізді.

Жеке өмірлік тәжірибесімен бөлісе отырып, Қазақстанда қазақ тілін білу басқа ұлт үшін үлкен мүмкіндіктер беретінін, сондай-ақ бәсекеге қабілетті бола алатынын екі тілде түсіндіріп берді. Әңгіме соңында наурыз мерекесіне жайылған дастарқан үстінде жалғасып, клуб тыңдармандарын қазақша сөйлесуге таңғы асқа өзінің компаниясына қонаққа шақырды.

 










Артқа қайту