ҚАРАҒАНДЫДА: 28°C
  • USD 446.65
  • EUR 477.65
  • RUB 5.49
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

  • 01 Маусым 2023 17:30
    БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ОБЛЫСТЫҢ ТІЛ ЖАНАШАРЛАРЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

    Кездесудің басты мақсаты - тіл жанашырларымен жақын таныса отырып, бірлесе аймақтағы тіл мәселелерін шешу жолдарын қарастыру, алдағы жоспарларды талқылау.

  • 23 Мамыр 2023 17:30
    ҚАЗАҚТІЛДІ КОНТЕНТТЕР НАСИХАТТАЛДЫ

    Бүгін Ресурстық тіл орталығы тарапынан мектеп мұғалімдеріне әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында Қалалық білім бөліміне қарасты мектептердің орыс сыныптарына сабақ беретін қазақ тілі мұғалімдеріне тілді өз бетінше онлайн үйренуге мүмкіндік жасайтын әртүрлі жаңадан шыққан сайттар мен қосымшалар туралы жан-жақты ақпараттар берілді. Осындай таптырмас құралдарды мектеп мұғалімдерінің сабақтарында қолдануға ыңғайлылығы нақтылы мысалдар арқылы көрсетілді.

  • 12 Мамыр 2023 17:30
    ОНЛАЙН - ДӘРІСТЕР ЦИКЛЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

    Бүгін «Алаш арыстары» онлайн-дәрістерінің кезекті дәрісі өткізілді. Кезекті дәрісті Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к Бектұрсын Аманқұлұлы Қалиев “Шәкәрім поэзиясындағы ұйқастың лингвистикалық сипаты” тақырыбында жүргізді.

  • 04 Мамыр 2023 17:30
    ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ

    Қарағанды облысы тұрғындары жалпыұлттық патриоттық диктант жазу үстінде.

  • 03 Мамыр 2023 17:30
    КЕЗЕКТІ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

    3 мамырда қаламыздағы “Балақай” балабақшасында “Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз!” тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингке балабақша қызметкерлері,әдіскерлері қатысты. Мамандармен пікір алмаса отырып, қойған сауалдарына жауап алды.

  • 29 Сәуір 2023 17:30
    ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    28 сәуірде Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР» атты тақырыпта аймақтық әдістемелік семинар өткізілді. 

  • 26 Сәуір 2023 17:30
    КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН ТРЕНИНГ

    Бүгін қаламыздың «Балапан» бөбекжайында «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырайық!» атты онлайн тренинг өтті.

  • 19 Сәуір 2023 17:30
    «АЛТЫН САҚА» БӨБЕКЖАЙЫНДА «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» САЙЫСЫ ӨТТІ

    Бүгін қаламыздың таңдаулы бөбекжайларының бірі – «Алтын сақада» «Абай оқулары» сайысы өтті. Еліміздегі тіл саясатын жетілдіру, балаларға данышпан Абайды таныту, шығармашылығын насихаттау мақсатында қолға алынған шараға Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақан мен оқытушы Әлия Қайып қазылар алқасы құрамында қатысып, әділ бағалап, жеңімпаздарды жүлделі орындармен марапаттап қайтты.

  • 18 Сәуір 2023 17:30
    ОБЛЫСТЫҚ "ТІЛДАРЫН" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

    Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, ынталандыру, көтермелеу мақсатында өткізілген байқауға өңірлерден, білім беру мекемелерінен және жоғары оқу орындарынан 15-35 жас аралығындағы жастар қатысты.

  • 14 Сәуір 2023 17:30
    КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН ТРЕНИНГ

    Бүгін Жұмабек Тәшенов атындағы ЖББМ мұғалімдеріне “Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз” атты тақырыпта тренинг өткізілді.

Страницы: 12345