ҚАРАҒАНДЫДА: 19°C
  • USD 386.04
  • EUR 427.77
  • RUB 5.88
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

Күнтізбе
ДС СС СР БС ЖМ СБ ЖБ
  • 20 Тамыз 2019 15:42
    Jańǵyrýdyń jarshysy - jańa álipbı. атты қалалық байқауы өтті

    «Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшу барысын кеңінен насихаттау мақсатында 2019 жылғы 16 тамыз күні «Jańǵyrýdyń jarshysy - jańa álipbı» атты қалалық байқауын өткізді.

  • 12 Тамыз 2019 09:58
    Жаңа бастама жаңа белестерді бағындыра бастайды

    Заман талап еткен латын әліпбиіне көшу қазақ тілін жаңа белеске бастайды. Бүгінде бұны барша қазақстандықтар ұғынып, еліміздің түкпір- түкпірінде латын графикасындағы қазақ әліпбиін насихаттау мен меңгеру қарқынды жүргізілуде.Осы орайда Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен Жезқазған қаласындағы 44803-Д әскери бөлімінде де аталған бағытта кешенді шаралар қабылданған. Жезқазған қаласының «Тілтану» оқу – әдістемелік орталығының латын графикасына негізделген қазақ тілінің оқытушысы Ералиева Айжан Рүстемқызы «Латынша қарпінде жазып дағдыланамыз» атты тақырыпта тренинг өткізді. 

  • 05 Тамыз 2019 10:24
    Latyn qarpinde jazyp daǵdylanamyz

    2019 жылдың 30 шілде, 1 тамыз күндері  Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің латын әліпбиіне көшу ісі бойынша әдіскері «Latyn qarpinde jazyp daǵdylanamyz» атты кезекті тренингін «Жаңаарқа-Жылу», демалыс саябақтары және стадионды басқару мекемелерінде өткізді.

     

  • 01 Тамыз 2019 16:54
    Саран қаласында тренинг өтті

    Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 23 шілдесінде 44803 әскери бөлімде және 30 шілдесінде Ақтас кентінің әкімі аппаратында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге осы мекемелердің қызметкерлері  қатысты.

     

  • 31 Шілде 2019 16:25
    Тренингтің шілде айы бойынша қорытындысы

    Ү.ж. шілде айында Ресурстық тіл орталығының мамандары латын графикасына негізделген жаңа емле ережелерімен танысу мақсатында «Теплотранзит Караганда» ЖШС, «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығы» КМК және «Сарыарқа» ӘКК» ҰК сияқты ұйымдарда, сондай-ақ «Нәзік», «Қуаныш» және «Айналайын» балабақшаларында «Latyn qarpinde jazyp dadylanamyz» тақырыбында тренингтер өткізді.

     

  • 17 Шілде 2019 14:37
    Латын графикасы балалар арасында

    2019 жылдың 15 шілдесінде Балқаш қаласының маңындағы Бектау-ата шатқалының жанындағы «Жас-қанат» балалар лагерінде «Тілдер орталығы» КММ-мен ұйымдастырылған жасөспірімдерді латын графикасымен таныстыру тренингі өткізілді. Тренингке 50 жасөспірім қатысты. Тренинг барысында қатысушылар екі топқа бөлініп өзара жарысқа түсті. Тренинг соңында белсенді қатысқан жасөспірімдерге кішігірім сыйлықтар таратылды.

     

     

  • 06 Маусым 2019 12:15
    Саран қаласында «Жаңа емле мазмұны және оқытудың әдістемелік мәселелері» семинар-тренингі өтті

    Ү.ж. 4 маусымда Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы және білім бөлімінің ұйымдастыруымен №4 жалпы білім беретін мектепте «Жаңа емле мазмұны және оқытудың әдістемелік мәселелері» тақырыбында әдістемелік семинар-тренинг өтті. Іс-шараға қаладағы тіл мамандары қатысты. Тіл мамандарына жаңа емле ережелері бойынша әдістемелік көмек көрсету үшін Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасының жанындағы Ресурстық тіл орталығы бөлім меңгерушісі Жақанова Жұпар Рысқұлқызы арнайы шақырылды.
     

  • 03 Маусым 2019 11:27
    Тіл. Рух. Жаңа графика.

    «Жаңа қазақ әліпбиін меңгерудің тиімді жолдары» атты семинар-тренингтің үшінші кезеңі ү.ж. 27-30 мамыр аралығында Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарында өтті.

    Спикерлер ретінде «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының кеңесшісі, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының директоры Гүлназ Серікқызы Мұстағұлова, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің әдіскері Айшат Уәлиоллақызы Ғаббасова сөз сөйледі.

  • 30 Мамыр 2019 12:45
    «Мемлекеттік тілді латын графикасына тиімді көшіру жолдары» семинары

    Ү.ж. 29 мамырда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қарағанды медицина университетінің базасында «Мемлекеттік тілді латын графикасына тиімді көшіру жолдары» атты семинар өтті.

    Семинардың басты мақсаты латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің емле ережесін талқылау, ересектерге жаңа әліпбиді үйрету барысында туындайтын проблемаларды ортаға салу, тренинг өткізу арқылы жаңа әліпби бойынша жазу, оқу дағдысын қалыптастыру болып табылады.

     

  • 08 Мамыр 2019 11:49
    «Латыннегізді әліпбиді меңгерейік» тренингі

          Ү.ж. жылдың cәуір айында Ресурстық тіл орталығы Ұлттық комиссия тарапынан мақұлданған латын графикасына негізделген қазақ тілі емле ережесімен таныстыру мақсатында Қарағанды көлік прокуратурасы,Күзет полициясы, Қарағанды облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті,  Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, Қарағанды облысының білім басқармасы, «Теміржолшылар» мәдениет сарайы, Әділет департаменті, «ҚР Ұлттық банкі» РММ-нің Қарағанды филиалы, Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Қарағанды облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Қарағанды облысының қаржы басқармасы, Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы, №82 ЖББОМ және ЖШС «Nәtige» сүт фабрикасы» мекемелерінің жұмыскерлеріне «Латыннегізді әліпбиді меңгерейік» тақырыбында тренинг өткізді. 

     

Страницы: 1234