ҚАРАҒАНДЫДА: -9°C
  • USD 375.95
  • EUR 425.80
  • RUB 5.74
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

«Latynsha jazyp daǵdylanamyz» тренингі жалғасуда

09.11.2018

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының мамандары тарапынан ү.ж. 6 қарашада «Тілек» балабақшасы» КМҚК және Облыстық өлкетану музейінің қызметкерлеріне, 7 қарашада Мейіргерлік білім беру мектебінің 1-2 курс студенттеріне, 8 қарашада Қарағанды қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлеріне және Бұқар жырау ауданы әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері арасында, сонымен қатар, 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің арасында «Latynsha jazyp daǵdylanamyz» тақырыбында тәжірибелік тренинг өткізілді.

Тренингтың мақсаты – латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінде оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру және емле ережесінің жобасымен таныстыру. Тренинг барысында жылдамдыққа негізделген тапсырмалар орындалып, қатысушылар жаңа латын әліпбиіне қатысты өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, осы тренингтер барысында ү.ж. 14 қарашада өтетін жалпықазақстандық диктантқа дайындық мақсатында қатысушылар диктантты жаңа графикада жазып дағдыланды.


Артқа қайту