ҚАРАҒАНДЫДА: 16°C
  • USD 441.80
  • EUR 480.02
  • RUB 4.88
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Мақалалар

Жаңа әліпби-жаңа дәуір бастауы Н.Ж.Тұрғамбеков

19 Тамыз 2021 09:34

Еліміз армандаған төл жазуымызға қол жеткізгендігімізді, жаңа әліпби – ұлы дәуір бастауына апарар сара жол болмақ. Әліпби ауыстыру жай ғана таңба ауыстыру емес. Бұл – түптеп келгенде сананы өзгертуге талпыныс,  жаңаша өмір сүруге деген ұмтылыс.

Латын әліпбиіне көшу – мемлекеттік маңызды іс, ұлттық мүддеге арналған бағдарлама. Біздің еліміз үшін жетістіктің бірі деп айтуға болады. Сондай-ақ алдыда ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын, болашақты баянды етуде жасалып жатқан маңызды қадамның бірі ретінде қарастырып отыр.

Латын  әліпбиіне көшу  Қазақстанның  әлемдік ақпараттық кеңістікке енуін жеңілдетіп, тұрмыс пен әлеуметтік өмірді компьютерлендіру сияқты мәселелерді  жүйелі түрде шешіп отыратыны айқын.  Егерде жаңа әліпбиді қолдансақ, озық техника мен компьютер тілін меңгеруге жол ашады, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтеді, шет елде жүрген қандастарымызды осы жазу арқылы қазақ жеріндегі барлық жаңалықтан хабардар қылады. Яғни бұл іс-шараның өзекті екенін көрсетеді.

2025 жылдан бастап қазақ тарихындағы жазу қайта енгізіледі. Латын әліпбиіне ауысудың тиімді һәм ұтымды тұстарын насихаттау, жаңа графикаға деген оң көзқарасты қалыптастыру, мектептер мен жоғарғы оқу орындарында, қоғамға өзгеріс енгізу болып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында «Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік меңгеруіне, ең бастысы, қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»,  деген болатын. Елбасы бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарауымызды талап етті. Біздің еліміз көп ұлтты болғандықтан, латын әліпбиіне көшуді жан-жақты саралай келіп, бірте-бірте жүзеге асырудың қажеттігін ескертті.
           Латын әліпбиінің қажеттілігіне біздің көзіміз айқын жетіп отыр. Әуелі тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туады.  2017 жылдан бастап үшінші рет ұсынылған латын әліпбиінің таңбалануы өзгертілді. Көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтар жетерлік. «Бұл әліпбиді қалай үйренеміз, кейінгі жас ұрпаққа қиынға соқпайды ма?» деген сауалдарды жиі қойып жүреді. Қазіргі таңда латын әліпбиі біздің жастарымыз үшін қиынға соқпайды. Өйткені, күнделікті өмірде қолданылатын атаулар, интернет желілері, латын әліпбиіне ұқсас болып келеді. Жастарымызға жаңа заманға сай өсіп-өркендеуіне септігін тигізеді.

Елімізді дамыған елдердің қатарынан көргіміз келсе, әлемдік өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін  латын әліпбиін үйрену, жаза білу және оқи білу біз үшін артық болмайды.

Осы күнге дейін түсіндірме жұмыстары ауданымызға жүргізілді. Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы қалдырып кеткен мұраны қайта жаңғыртуымыз біз үшін үлкен жетістік болып табылады.
 

Н.Ж.Тұрғамбеков

Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің латын әліпбиіне жауапты маман
 










Артқа қайту