ҚАРАҒАНДЫДА: 16°C
  • USD 441.80
  • EUR 480.02
  • RUB 4.88
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Мақалалар

Ауданымызда насихат жұмыстары жалғасуда А.С.Талап

13 Мамыр 2021 16:30

 

Ауданымызда насихат жұмыстары жалғасуда

Жетілдірілген әліпби жобасын халыққа таныстыру жұмыстары Бұқар жырау ауданында да белсенді түрде атқарылып жатыр.

Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан 2020 жылы  карантинге байланысты 5 шара өткізілді. Оның ішінде  Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жанындағы Ресурстық тіл орталығының мамандарымен, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, ф.ғ.к Б.А.Қалиевтің қатысуымен бірлескен шаралар ұйымдастырылды. Шараға жалпы 75 адам қамтылды. 

Ауданымызда барлық іс-шаралар онлайн форматта өткізіліп жатыр. Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру шарасы  ауданымыздағы С.Торайғыров атындағы №1 қазақ мектебі және мен Ю.Гагарин атындағы мектебінің оқушыларына «Жаңа әліпби жобасымен танысамыз» атты танымдық сағат  тұрақты түрде өткізілуде. Ағымдағы жылы насихат жұмысына 160 адам қамтылды. Жұмыстар әлі де өз жалғасын табады.

Шараға қатысқан адамдар  жаңа ақпарат алумен қатар, латын графикасына деген көзқарастарын өзгертіп, жаңа әліпбиге оң көзқарас танытуда. Жетілдірілген  әліпби жобасында біраз адамдар диакриттік белгілердің көптігіне, акутты әліпбиге үйреніп қалғандарын айтып қарсылық танытқан болатын. Алайда  практикалық тапсырмалардан кейін жазылым мен оқылым дағдылары қалыптасып, қатты қиындық тудырмайтынын түсінді. Әсіресе оқушылар қызығушылық танытып, белсенділік танытады.

Алдағы уақытта жоспар бойынша біршама атқарылатын іс-шаралар бар. «Көз қорқақ, қол батыр демекші»  бастысы зейін салып, қолдағдысын қалыптастырса үйреніп кетуге болады. Бұл біздің болашағымыз үшін жасалған батыл да ізгі қадам екені анық.

«Бұқар жырау аудандық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің

латын графикасына

көшу бойынша әдіскері А.С.Талап

 










Артқа қайту