ҚАРАҒАНДЫДА: 7°C
  • USD 423.91
  • EUR 497.37
  • RUB 5.82
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Мақалалар

Бәрін де жазуға болады Жолтай М.Ж.

06 Мамыр 2021 15:17

 

Бәрін де жазуға болады

Қазіргі қолданып жүрген кирилл әліпбиі шеттілдік сөздер, төл сөздер деп бөлінетін бөліністі бере алмайды. Бүгінге дейін шеттілдік сөздерді орыс тілінің ықпалымен дыбыстап айтып, оны өз сөзіміздей жазып жүргенімізге сексен жылдан асты. Осы жерде оқушы кезіміз еріксіз еске түседі, шеттілдік сөздерді жазғанда біраз қиналатынбыз. «ь» немесе «ъ» қайсысы деп бас қатырдық, өзіміздің ішкі қазақи болмысымызға қарсы шықтық. Ал қазіргі әліппемен шеттілдік сөздер болсын, төл сөздерді болсын жазу оңай. Тіліміздің табиғатына сай емле ереже де бар. Бұл ережемен жазу, оқу жеңіл болатынына көзім жетті. Тек ден қойса болғаны.

Осындай өзгерістің қасында жүрген маман ретінде, осы елдің азаматы ретінде «жаңа әліппеде жазу қаншалықты қиын?» деген көкейдегі сауалға жауап іздеп көрдім.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бастамасымен қолға алған «Тез оқып, жазып үлгер» атты айдарды Қарқаралы өңірінде әлеуметтік желіде тұрақты түрде жүргізіп жүрмін. Алғашында қиын болмасын деп, әуеннің сүйемелдеуімен ролик ретінде қысқа  үш сөзден тұратын мақал мен мәтелдер беріп көрдім. Бірден қызығушылық танытқан көпшілік шамалары келгенше жауаптарын жазып жатты.

 Жеке әдіскер ретінде байқағаным, жазу жағынан бірен-саран қателіктер болғанмен, берілген сөздерді оқу соншалықты әбден оңай,  тез оқи алады, оқу жағынан қиындықтар жоқ. Бірақ пернетақта оған бейімделмегендіктен,  сөздерді төл әліпбиімізде бере алмай жатады.

Кейін белгілі ақын-жазушылардың атаулы сөздері мен өлеңдерінен үзінді бердім. Басында күрделі болуы мүмкін деген ой болды, алайда оқырмандар бұл жолы да қызығушылықпен орындады.

          Осындай контенттер әлеуметтік желіде көп болғаны дұрыс деп ойлаймын. Жастар көпшілік уақытын интернетте өткізетін болғандықтан, жаңа әліппені интернет арқылы насихаттау тиімдірек. Болашақ үшін жасалып жатқан қадамды қиындық деп айтуға келмес.

 

                                                                                                                                                                Жолтай Маржан Жақыпқызы

 

                                                                                          Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері










Артқа қайту