Мақалалар
«Латын әліпбиі - еркін елдің таңдауы» Ә.Т. Тойымбекованың мақаласы
13 Қаңтар 2021 11:17Көгінде қыраны қалықтап, әуелеген әнұраны шарықтап, көк байрағы желбіреген тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі таңдауы – латын әліпбиі. Жаңа мың жылдыққа ұлы мұратпен қадам басқан еліміздің рухани жаңаруының бастауы да - латын әліпбиі. Латын әліпбиі қазақ ұлтының әлемдік деңгейге көтеріліп, өз төбесін көрсетуіне үлкен үлес қосары сөзсіз. Қазақ елінің тұңғыш көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Қазақ тілін латын әрпіне көшіру - бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам».
Латынға ауысу қазақ тілінің дамуына, халықаралық мәдени-рухани және экономикалық байланыстардың нығаюына және ІТ – технологиялардың дамуына жағдай жасайды. Бүгінгінің бүкіл әлем болып тартылып жатқан ақпараттық кеңістігіне енуді барынша жеңілдетуімізге, мемлекеттігі бар түркі ағайындарымызбен байланысымызды бұрынғыдан да нығайта түсуімізге зор үлесі бары анық. Ал, біздің басты мақсатымыз жаңа әліпбиіміздің дамуына өз үлесімізді қосу болмақ. Осы орайда «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы да латын әліпбиін насихаттау, дәріптеу мақсатында өз жұмыстарын атқаруда. Мәселен онлайн жүйесінде ZOOM платформасы арқылы өткізілетін тренингтер осының дәлелі.
Латын әліпбиін қабылдау ұлттық құндылықтарымызды, рухани байлығымызды, рухани мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сақтап ары қарай дамытуға себепші болатыны сөзсіз. Себебі латын әліпбиі – еркін елдің таңдауы.
Тойымбекова Әсел Тойымбекқызы
Шахтинск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Бастау» оқу-әдістемелік орталығының латынға жауапты маманы