ҚАРАҒАНДЫДА: 4°C
  • USD 448.15
  • EUR 483.46
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Мақалалар

«Латын әліпбиі - жаңашылдыққа бастау жол» Т.Ә. Тойымбекованың мақаласы

18 Қараша 2019 11:09

Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті, тағдыр  шешті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Жаңа әліпби бізді жаңа мүмкіндіктер мен зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Десекте, латын әліпбиіне көшу бір күндік шаруа емес, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын, үлкен жауапкершілікті қажет ететін игі іс. Осы игілікті қолдай отырып, біздің орталығымызда да атаулы шаралар өз орнын табуда. Мәселен мекемелер арасында «Латынша жазып дағдыланамыз»  атты тренинг , келер ұрпаққа тіл құндылығын таныту мақсатында «Латынды қолдайық» тақырыбында студенттер арасында акция жүргізілуде. Осы жұмыстар барысында латын қарпін тез әрі жылдам есте сақтату мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер, тапсырмалар жүзеге асырылды. Атап көрсететін болсам, «я» және «ю» дыбыстарының жазылу жолдарын үйрету кезіндегі тапсырмалар мынандай болмақ. Әдеттегідей ең алдымен я, ю дыбыстарына қатысты ережемен таныстырамын.

 

  • Төл және шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін ıa, ıý әріп тіркесімен;
  • Шеттілдік сөздерде дауыссыз дыбыстан кейін á,  әрпі арқылы;
  • Сөздің түбірінде и және я әріптері қатар келген жағдайда и-дан кейін а ғана жазылады.
  • Төл сөздермен қатар шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін кездессе, ıý әріп тіркесімен ;
  • Шеттілдік сөздерде дауыссыз дыбыстан соң және айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін кездессе,  әрпімен;
  • и және ю әріптері сөздің түбірінде қатар келген жағдайда и-дан кейін  әрпі ғана жазылады.

 

Келесі кезекте жоғарыдағы көрсетілген ережені бекіту мақсатында төмендегі тапсырмалар орындалады.

 

1-тапсырма.  Дұрыс жазылған нұсқасын  белгілеңіз.

 

жарияланым

jarııalanym

қою

qoıý

jarıalanym

qoIıý

jarıаalanym

qoıý

қария

qarıa

юпитер

ııýpıter

karııa

ıýpıter

qarııa

ıypıter

саябақ

saıabag

жымию

jymyý

saııabaq

jymıý

saıabaq

jymıy

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 – тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті  дыбысты қойып жазыңыз   ıa/á/a

...maıka, u...shyq,  p...z, taq..., sa...baq, jar...laý, qo...n, sha...n, q...l, sa...baq

 

3-тапсырма. Төменде берілген сөздерді жаңа әліпбимен жазыңыз.

ұя,  ұялы телефон, қия, шаян, Аяла, баян, Аяулым,  қою, пияз, қиял, таяз, саябақ.

 Осы тұрғыдағы тапсырмаларды берудегі негізгі мақсатым я мен ю дыбысының жаңа ережеге сай жазылу жолдарын үйрете отырып, сауаттылыққа жетелеу. Тапсырмаларды  орындай отырып, тыңдаушылар икемделіп, дағдыланады және білімдерін бекіте түседі. Себебі берілген жұмыстарды жүзеге асыру барысында, тыңдаушының ойдағдысы, қолдағыдысы, көздағдысы қалыптасады.

Ұрпақ болашағы мен ұлт тұтастығы үшін тәлімі мол шараларды ұйымдастырып, ел арасында тіл болашағының айқындалуына себеп тигізу біздің басты парызымыз. Себебебі латын әліпбиі – қазақ тілін жаңғыртуға, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыруға ықпалы зор.  Латын әліпбиі - жаңашылдыққа бастау жол. Тіліміздің мәртебесі артып, мерейі үстем болғай!

 

 

Шахтинск қаласы

«Бастау» оқу-әдістемелік орталығының

әдіскері   Т.Ә.Тойымбекова

 










Артқа қайту