ҚАРАҒАНДЫДА: -11°C
  • USD 423.87
  • EUR 505.25
  • RUB 5.59
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Мақалалар

«Бөлек жазылатын сөздердің емлесі» Ф.Е. Боранғазының мақаласы

14 Қазан 2019 09:39

Қазіргі уақытта Ресурстық тіл орталығы тарапынан жаңа әліпбидің емле ережелерін түсіндіру жұмыстары атқарылып жатыр. Тренингтер арқылы емле ережесіндегі жаңалықтардың түсіндірілуін соның бірі ретінде атап кетуге болады. Тренинг барысында  бірге және бөлек жазылатын сөздердің емлесін түсіндіруде біршама қиындықтар туындауы мүмкін. Әдетте, тақырыпты ашу мақсатында түсіндірудің екі түрлі тәсілі қолданылады. Кей аудиторияда бірден ережеге назар аударылса, енді бір аудиторияларда алдымен мысалдар беріліп, артынан ереже шығарылып, қорытынды жасалады. Енді тақырыпты түсіндіру тәжірибеммен бөлісіп көрейін. «Екі түбірден құралған бір ғана зат пен ұғым атауы бірге жазылады» деген ереже қысқа әрі нұсқа беріліп, мысал ретінде бағдаршам, сусабын, шекара және т.б. сөздер алынады. Мұндай сөздердің біріккен сөз қатарына неліктен жататыны пысықталады. Неге бірге жазылатынына дәлел – алдыңғы ереже.

Келесі кезекте бөлек жазылатын сөздерге тоқталамыз. Бөлек жазылатын сөздердің негізгі белгісі ретінде өзара анықтауыштық қатынаста тұрған сөздер мысалға алынады. Мысалы: бас жүлде, кіндік бала және т.б.

Бөлек жазылатын сөздерді аудиторияға меңгерту үшін көбінесе практикалық тапсырмалар орындалады. Сол кезде тыңдаушының көздағдысы мен қолдағдысы қалыптасып, сөздердің бірге және бөлек жазылуын ажырата алады. Мысалы, мынандай тапсырманы орындатуға болады. Жаттығудың шарты бойынша бірнеше сөзді қиып, орындарын ауыстырып қоямын. Әрбір тыңдаушы сөздің сыңарын тауып, бірге немесе бөлек жазылатынын түсіндіреді.

1) Keń, kórkem, sý, ас, beıbit, mal, qundyz, altyn, adal, aq,
2) Dala, minez, sıyr, zaman, qora, үй, ishik, saqına, baqan, saqal

Тыңдаушылар тапсырманы орындап болған соң, дұрыс жауаптың үлгісі ұсынылады.

 

Біріккен сөздер

Бөлек жазылатын сөздер

Sýsıyr, adalbaqan, aqsaqal, asúı

 

Keń dala, kórkem minez, beıbit zaman, mal qora, qundyz ishik, altyn saqına

 

Келесі тапсырмада әр тараптан бір-бір тыңдаушыдан шығып, берілген сөздерді тақтаға жаңа әліпбимен жазу арқылы қолдағдысын қалыптастырады.

 

Кең өріс, сары шымшық, алтын жұлдыз, кешкі уақыт, әдемі жазу, үй іші, мақта майы, қызыл алма, жер үй, жеті мүше.

Мөлдір бұлақ, қой қора, биік үй, түлкі тымақ, ашық аспан, тас жол, ақ жауын, күре тамыр, он саусақ, той жабдығы.

Сондай-ақ тыңдаушыларды сергітіп алу үшін Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін караокеде орындауға болады. Ән орындап қана қоймай, осы

өлеңнен бөлек жазылатын сөздердің жазылуына мән береді.

Осындай тапсырмалар орындату арқылы тыңдаушылардың қызығушылығы оянып, білімі арта түседі. Оның үстіне жаңа әліпбимен сауатты  жазу дағдысы қалыптасады.

 

Қарағанды облысының тілдерді дамыту
жөніндегі басқармасының жанындағы
Ресурстық тіл орталығының
оқытушысы
Ф.Боранғазы

 

 










Артқа қайту

Дата cоздания: 13 Желтоқсан 2018 16:39
Дата редактирования: 23 Тамыз 2019 09:22