ҚАРАҒАНДЫДА: -11°C
  • USD 423.87
  • EUR 505.25
  • RUB 5.59
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Мақалалар

«Латын графикасына көшудегі мақсаттың орындалуы» С.Қ. Рысбекованың мақаласы

02 Қазан 2019 14:32

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде қойған міндеттерге байланысты қазақ әліпбиіне көшудің тиімді жолдары  талқыланып,  ұсыныстар  жинақтау  қарқын  алды. Осыған орай Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: ру-хани жаңғыру» бағдарламасында еліміз үшін аса маңызды зор саяси шешім қабылдағаны баршаға белгілі.Тарихқа сәл шегініс жасасақ, латын әрпін қозғаған кезде қазақ тілінің  ұлттық  үлгісін  көрсеткен  талантты  публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы  тұралы сөз болады.  Ұлы ағартушымыз: «Біздің заманымыз – жазу заманы» - деп, латын  әліпбиіне көшу қажеттілігін дәлелдеп берген. Осылайша ағартушы-педагог ғалым  «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деді. Сол тұста тағы  бір  алаш  арысы,  біртуар  мемлекеттік  қайраткер  Нәзір Төреқұлов та кезінде латын әліпбиіне көшуді қызу қолдаған.Мемлекет басшысы айтқандай, қазақ тілі – ол біздің рухани негізіміз. Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру, біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Ғалымдар мен  тіл  мамандарының  пікірінше,  жаңа  әліпби  бүкіл  әлем қазақтарын біріктіретін маңызды фактор. Әлемде қанша халық жер шарының қанша пайызы латын  әліпбиін  пайдаланатыны,  қыруар  ақпаратты  сол  алфавит арқылы  ағылшын  тілінен  алатыны  айтудай-ақ  айтылып  жатыр.  Бүгінде    4  миллиард  900  миллион  адам  латын  әліпбиін қолданады  екен.  Орыстың  кирилл  алфавитімен  қоса  әлемдік латын әліпбиі арқылы ағылшын тілін де біліп алса, қазақ халқы тек ұтады.

«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» деп ойлаймын. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Себебі латын әліпбиіне көшу арқылы біз психологиямызды, санамызды орыс тіліне деген тәуелділіктен босатамыз деп ойлаймын. Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында латын әліпбиіне көшу жұмыстары кезең – кезеңімен жүргізілуде.Қазіргі таңда әр аймақтың, облыстың мамандары халыққа латын әліпбиін үйретіп, латынға көшкендегі жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтындығын айтып бойларына сіңіруде. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан – жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс – шаралар ұйымдастырылуда. Әр қаланың көшелерінде, орталықтарында орналасқан сауда-саттық орындары, дүкен атаулары латын қарпімен жазылған. Осыдан-ақ еліміздің өркендеп, дамып келе жатқандығын байқаймыз.

      Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.

 

 «Жезқазған қаласының мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің

латын графикасына көшу бойынша

әдіскері С.Қ.Рысбекова

 










Артқа қайту

Дата cоздания: 13 Желтоқсан 2018 16:39
Дата редактирования: 23 Тамыз 2019 09:22