ҚАРАҒАНДЫДА: 14°C
  • USD 448.89
  • EUR 477.93
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Мақалалар

«Бастаған іс нәтижеге жеткізеді» М.Қ. Қайырбекованың мақаласы

13 Қыркүйек 2019 13:43

«Заманның талабы – адамның талабы» дегендей, бүгінгі таңның дәйекті бағытының бірі – латын әліпбиі. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақалада атап көрсетілгендей,  қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшу бойынша жұмыстары жоспарға енгізіліп, қарқынды жүргізілуде. Оның бірден-бір дәлелі – "Тіл-қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығында ұйымдастырылып жатқан республикалық 72 сағаттық курс пен 12 сағаттық семинарлар. Сондай-ақ қазақ жазуын латын қарпіне көшіру бойынша өңірлерде ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар, семинар-тренингтер және тағы басқа да шараларды есепке алатын болсақ, аталған бағытта біршама жұмыстың басы қайырылып қалғаны анық.  

Қарағанды облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының  жанынан құрылған "Ресурстық тіл орталығы" КММ-нің латын қарпін насихаттау және меңгерту мақсатында атқарып жатқан елеулі еңбектерін айтпай кету мүмкін емес.  Сонымен қатар Ресурстық тіл орталығы облыстың аудан, қалаларындағы тілдерді оқыту орталықтарына осы бағытта әдістемелік көмек көрсетіп, үнемі тәжірибесімен бөлісіп отырады.    

Шахтинск аймағында да осы жұмыс жалғасуда.  «Бастау» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері  тарапынан бірқатар қарқынды жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, 2018 жылдың қараша айынынан бүгінгі күнге дейін «Латынша жазып дағдыланамыз» атты тренингке 202 адам қамтылып, бұдан бөлек  латыннегізді әліпбиде жазатын  жалпыоблыстық диктантқа 5000 тұрғын қатысты. Сондай-ақ  латын әліпбиін насихаттау, үйрету бағытындағы семинарлар, дөңгелек үстелдер т.б. ісшаралардың берері мол деп ойлаймын. Жалпы, қай істе болсын, нәтижеге жету үшін тәжірибе керек. Әліпбидегі жаңалықты өңір тұрғындарына насихаттау, таныстыру барысындағы жинақтаған азды-көпті іс-тәжірибемді ортаға сала кетейін. Нақты Áá, Úú, Óó, Qq,  Gg,  Ǵǵ, Ńń, Ýý әріптерін меңгерту үшін  осы әріптерден басталатын және кездесетін сөздерді жазғызуға мән беріледі. Qq,  Gg,  Ǵǵ әріптерімен келген сөздерді оқу барысында шатастырғау үшін берілген мәтіннен осы әріптерді тауып, астын сызғызамын. Ал кірме сөздердегі ТЧ, ДЖ, СТ, СТЬ, НГ  т.б. әріп тіркестерін меңгерту кезінде "Еркін талқылау" әдісін қолдануға болады.  Аталған тіркестер ережесін сурет немесе кәртішке түрінде қатысушыларға таратып, өздеріне талқылатудың берері мол. Осыған ұқсас жаттығу жұмыстары көптеп берілсе, тыңдаушының  көз және қолдағдысының қалыптасуына түрткі болмақ.

Қорыта айтқанда әр істің оң нәтижесі болу үшін талмай, қажымай еңбек ету қажет.  

 

Шахтинск қаласының мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімі

«Бастау» оқу-әдістемелік орталығының  оқытушы-әдіскері

М.Қ. Қайырбекова

 










Артқа қайту