ҚАРАҒАНДЫДА: -11°C
  • USD 423.87
  • EUR 505.25
  • RUB 5.59
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Мақалалар

«Латын әліпбиіне көшу – өркениетке бастар жол» Б.Ө. Жарылғапованың мақаласы

23 Тамыз 2019 09:50

Қай әліпби болсын, сол халықтың мәдени болмысын аңғартатын айғақтардың бірі. Өйткені мәдени мұра, мәдени жәдігерлер әліпбиде сақталады, әліпби арқылы келесі ұрпаққа жетіп отырады.

Алайда, ұлт келешегі үшін жасалып жатқан осы мәселенің байыбына бармай, жаңа әліпбиге көшу кезінде туындайтын уақытша қиындықтарды алға тартатындар да аз емес. Мұндай пікір айтушылар, әсіресе, өзге ұлт өкілдері мен орыстілді қазақтар шоғырланған, облыс көлемінде өзге ұлт өкілдерінің саны жағынан бірінші орыннан көрініп отырған Саран қаласында жиі кездеседі. Сондықтан қала халқының арасында туындайтын кертартпа пікірлерге жол бермей, латын графикасына көшуді заманның өзі талап етіп отырғанын қарапайым жұртшылыққа жете түсіндіру үшін ең алдымен ақпараттық-түсіндіру жұмысына көп мән беріледі. Әрбір еңбек ұжымымен кездесу барысында латын әліпбиіне көшудің тиімділігі нақты деректермен дәлелденіп, соңынан осы бағытта елімізде атқарылып жатқан жұмыстар сараланады, сондай-ақ жаңа әліпбиге көшу кезеңдері таныстырылады. Содан соң ғана латын әліпбиінде оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Латын қарпінде жазып дағдыланайық» тренингі өткізіледі.

Тренинг барысында алдымен дауысты дыбыстар, соңынан дауыссыз дыбыстар сараланып, олардың басты ерекшеліктері тыңдаушылармен сұрақ-жауап жұмыстарын жүргізу арқылы анықталады. Қатысушылар жіңішке дауыстылардың бәрі акутпен, жуан дауыстылар акутсыз беріледі, сондай-ақ, бұрын элементтері болған ғ, ң әріптері акутпен жазылады деген қорытындыны өздері жасайды.

Әріптермен танысқаннан кейін қатысшылар еш қиындықсыз жекелеген буындарды, содан соң сөздер мен сөйлемдерді оқиды. Кирилмен берілген сөздерді әліпбиді қолдана отырып, өздері жазып шығады, жазып болған соң қателерін дайын үлгі бойынша тексереді. Кездесу өткізілетін мекемелердің бәрінде өзге ұлт өкілдері басым болғандықтан, оларға я, ю әріптерінің тек төл сөздерде жазылуы түсіндіріледі, сондай-ақ, э, ц, щ әріптері туралы ережемен таныстыру жұмысы жүргізіледі. 2019 жылдың І жартыжылдығында осы бағытта 31 іс-шара өткізіліп, 1041 адам қамтылды.

Қатысушылардың ішінде мемлекеттік тілді жетік білетіндерінің аз болуына байланысты оларды жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерімен толық таныстыру қиындық тудыруда. Сондықтан  Саран қаласында жаңа емле ережелері маусым айында тек қазақтілді мамандарға түсіндірілді. Емле ережелерінің ерекшеліктерімен таныстыру жұмыстары 2019 жылдың ІІ жартыжылдығында өз жалғасын табады.

 

«Саран қаласының тілдерді дамыту

орталығы» КММ

әдіскері Б.Ө. Жарылғапова

 










Артқа қайту

Дата cоздания: 13 Желтоқсан 2018 16:39
Дата редактирования: 23 Тамыз 2019 09:22