ҚАРАҒАНДЫДА: -11°C
  • USD 423.87
  • EUR 505.25
  • RUB 5.59
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Мақалалар

«Жаңа әліппені үйрету жолындағы ізденістер» Ә.Д. Смықованың мақаласы

23 Тамыз 2019 09:29

Тілге байланысты ең маңызды жаңалық – кирилл әліппесінен латын графикасына  көшу болып отыр. Осы жазуға көшу әлем экономикасымен терезесі тең, ғылым-білімі дамыған елге айналу үшін үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.
Бұл жаңалыққа бастапқы кезде бәрі елең ете қалғанмен, үйренуге келгенде, әсіресе, ересектердің әртүрлі ішкі психологиялық кедергілерге тап болатыны белгілі. Осы кезде тыңдаушыларымызды назарын өзіне аударатын, жалықтырмайтын әдіс-тәсілдер ауадай қажет болады. Бүгінде бұл қажеттілік қатты сезіліп тұрғандықтан, осыған баса назар аударуымыз керек. Тыңдарманның жаңа әліпбиді толық игеріп кетуі үйретушінің шеберлігіне тікелей байланысты. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, оқытушыларымыз әдістемелік жағынан жақсы қарулануы керек. Ол үшін меңгертудің озық үлгілерін зерттеп қарастыра отырып, қазақ тілінің заңдылықтарына бейімдеп, дамыта оқытудың үлгісін жасау қажет.
Осы саланың қасында жүргендіктен, өзімнің азғантай тәжірибеммен бөліскім келеді. Толық мүдірмей оқып жазу үшін кез келген әліппені жатқа білу керек. Үйренуші оның жазылу формасы мен оқылу формасын айқын ажыратып тұруы тиіс.
Латын жазуын ересктерге үйретумен айналыспас бұрын, ересектердің де жас ерекшеліктерін, мамандықтарын ескеру қажет. Зейнет жасындағылар, орта жастағылар, жастар және елімізге оралған ағайындарымыз, сондай-ақ өзге тілді ұлт өкілдері деген сияқты санаттарға бөліп алып, әрқайсысына өзіне сәйкес әдіс, түсіндіру жолын білгеніміз абзал. Кейде араларында   шет тілін оқымағандары кездесіп жатады. Осындай жағдайда әліппені ерінбей бастан-аяқ толық үйретеміз. Латын жазуы қазақ еліне жат жазу емес, бұл жазу тауар айналымы арқылы күнделікті өмірімізге еніп кеткендіктен, толық болмаса да көп әріпті ересек тұрғындар біледі. Сондықтан да, қазіргі 32 әріпті тез естерінде қалу үшін, бар білімдерін дамыта отырып әріптерді жаттатып жүрмін. Алдымен, тыңдаушылармен әліппені үшке бөліп қарастырамыз:
1. Бұрыннан білетін әріптерін анықтау және жазғызу; (Аа, Oo, Kk, Ii, Hh, Ee, Dd, Ll, Mm, Nn сияқты)
2. Таныс емес әріптермен жақын таныстыру (Áá, Úú, Óó, Qq, Jj, Gg, Rr, ń, Ǵǵ, Ýý дыбысталуы мен жазылуын міндетті түрде көрсету);
3. Жазылу мен дыбысталуында шатастыратын әріптермен жекелей жұмыс жасау (Ii – Iı, Yy –Ýý, Qq - Kk);
Енді осы бөлімдер бойынша жаттығу жұмыстарын мысал ретінде ұсынғым келеді.
1. Әр әріптің дұрыс дыбысталуын табыңыз. (Бұл жаттығу транскрипцияға және көз үйретуге арналған жаттығу).

Dd [fy]        Ll [jy] 
Pp [yr]        Rr [py]
Ff [dy]        Jj [yl]

Мұндай әріптік қатарды өз қалауыңызша көбейтуге болады. Сондай-ақ әріптерге көз үйреткен соң, сөз қосып беруге болады.

Dd [fy]        Ll [jy]            Dombyra
Pp [yr]        Rr [py]           Jylqy
Ff [dy]        Jj [yl]              Laq

2. Баспа түріндегі кішкентай әріптерді меңгерту үшін де жаттығулар беруге болады.
bbbbbbbdddbbbbbbbddddbbbbbdd – д әрпін сызып шығыңыз.
ppppppqqqpppppqqqqpppppppppq – қ әрпін сызып шығыңыз.
nnnnnnmmmnnnnnnmmmmnnnmmm – м әрпін сызып шығыңыз.
Мұндай жаттығуды жасы үлкен адамдарға беруге болады. Әріптерді бір-бірімен шатастыру осы жаста кездеседі. Зейінді шоғырландырып, әріпті дұрыс тануда осы секілді жаттығудың пайдасы зор.

3. Бас әріптер мен кіші әріптерін бірден тану үшін мынадай жаттығу ұсынуға болады.
Кіші әріптердің бас әріптерін тауып жазуға немесе бас әріптерді беріп кіші әріптерін жазуға жаттығулар молынан беруге болады.

V  q
R  y

 

           Осы тектес жаттығу жұмыстарын көптеп бере отырып, әріптерге қол мен көзді үйретіп, дағды қалыптастыруға болады. Сол сияқты ұқсас әріптерді шатастырмас үшін қазір белсенді қолданып жүрген әдіс Е. Бахтиннің әдісі. Бұл әдіс ассоциациялық ойлауға құрылған. Әріптің неге ұқсайтынын сұрау арқылы есте қалдыруға болады. Тағы бір көмекке келетін тапсырма түрі – суретті әріптер. Тақырып бойынша суреттер қолданылады. Мысалы, Ққ әрпін өткенде осы әріптен басталатын, осы әріпке аяқталатын суреттер көрсете отырып сабақты көңілді өткізуге болады.
Соңында айтқым келгені әр істің бастамасы болғандай, оның нәтижесі болуы керек. Осы сапалы нәтиже үшін көп тер төгуді қажет етеді.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту
жөніндегі басқармасының жанындағы
Ресурстық тіл орталығының
оқытушысы Ә.Д. Смықова










Артқа қайту

Дата cоздания: 13 Желтоқсан 2018 16:39
Дата редактирования: 23 Тамыз 2019 09:22