ҚАРАҒАНДЫДА: 14°C
  • USD 448.89
  • EUR 477.93
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Мақалалар

«Латын әліпбиіне көшу үдерісі: жиі қойылатын сұрақтар» Э. Ахметжанованың мақаласы

09 Тамыз 2019 13:30

Латын жазуына көшу қазақ тілінің фонетикалық дыбысталуына қалай әсер етеді?

Латын жазуына көшу қазақ тілінің байырғы фонетикалық дыбысталуын сақтауға мүмкіндік береді. Мәселе мынада: қазақ сөздерін жазу үшін кириллицаны қолдану қазақша сөздердің дыбысталуын бұрмалауға әкеледі. Кириллицалық жазудағы әріптер автоматты түрде орысша дыбысталады. Бірақ қазақ тілінің фонетикалық құрылымы басқа. Қазақ тілін қолданушылар бұл мәселені байқамайды, себебі қазақ сөздерін дұрыс айтуды кішкентай жастан үйренеді. Ал өзге тілді халықтар үшін бұл қиындық келтіреді, себебі қазақ мәтіндерін оқығанда мықты акцент тудырады. Латын графикасына көшу қазақ тілінің фонетикалық тазалығын сақтап, сонымен қатар оның орыстілді халық өкілдерінің жылдам үйренулеріне ықпал етеді.

Латын жазуына көшу қазақ тіліне қандай даму серпінін ұсынады?
Латын жазуын қолдану қазақ тілін бәсекеге қабілетті етіп, уақыт талаптарына жақындастырып, қазақ тілін дамыту мен әйгілеуде жаңа орам береді. Бұл қазақ тілін үйренуге, компьютерлерде мәтіндерді теруге қажетті уақыт көлемін қысқартады және т.б.

Латын жазуына көшудің әлемдік кеңістікке ықпалы қандай болады?

Қазақ жазуының жаңа әліпбиге көшуін Қазақстанның ұлттық құндылықтары мен жалпыадамзаттық өркениетке үлес қосқан қазақ мәдениетінің озық үлгілерін сақтай отырып, елдің рухани жаңғыруы, қазіргі жаһандану үрдісіне тереңдеп, әрі ауқымды түрде ену тұрғысынан қарастыру қажет.

Заманауи технологиялардың ұдайы әрі кеңінен тарауы латын графикасының бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікте басым орынға ие болуына алып келері анық. Латын графикасы қазіргі әлемде ең кеңінен қолданылатын жүйе болып табылады.

 Дамушы әлем елдің алдына жаңа міндеттер қояды. Қазақстанның әлемнің дамушы 30 елінің қатарына кіру үдерісі мемлекеттік тіл жазуын жаңғырту мәселесін да айналып өтпейді.
Латын әліпбиіне көшудің қарсыластары қандай басты қауіптерді атауда?
Латын әліпбиіне көшу қарсыластарының көбісі төмендегідей қауіптерін айтады:
      - кириллицада сақталған қазақтың әдеби мұрасын жоғалту;

- орыс тілін қолдану ареалының қысқаруы;

- жаңашылдыққа ауыртпашылық ретінде қарау;

- ересек халықты қайта оқыту үдерісінің қиындығы;

- мектептер, арнайы орта білім оқу орындары және ЖОО- дағы оқу үдерісінң қиындығы;

- мектеп оқулықтары сапасының төмендігі;

- жаңа графикадағы қазақ тілінің төмен қолжетімділігі.

Қазақстан халқы жаңа әліпбиге көшуге дайын ба? 
Қазақстандық жұртшылықтың негізгі бөлігі латын графикасын меңгерген. Барлық адамдар орта білім алған, біреу де болса, шетел тілін оқыған (неміс, француз, ағылшын тілдері). Көптеген азаматтар қазірдің өзінде қазақ тілінде латынша әріптермен жазады, соның ішінде интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде. Бұған қоса, кириллицаны латын графикасына транслитерациялау ережелері мен мемлекетаралық стандарттар бар. Сол себепті лингвистердің пікірінше, қазақстандықтар латын графикасын сауатты қолданып кетуі үшін бар болғаны бірнеше ай ғана керек болады.

Латын жазуына көшу Қазақстанда орыстілді халықтың тілдік мүддесі қалай болады? 

Мемлекет басшысы өз сөзінде үнемі «латын жазуына көшу орыс тілінен, кириллицадан бас тарту дегенді білдірмейді. Латын жазуы алдымен қазақ тіліне қатысты болады. Орыс тілінде шығатын барлық басылымдар сол күйі басылып шығарылады, яғни Қазақстанның орыс тілді азаматтары үшін кириллица қалады» деп анықтайды. Сондықтан, бұл реформаның орыс тілінің қолданыс саласын қысқарту немесе кеңейту кезеңіне еш қатысы жоқ.

Орыс тілі – әлемдік тілдердің бірі. Оны білу халықтың бәсекеге қабілеттілігі үшін оң болатыны сөзсіз. Конституциялық статус және «Тіл туралы», «Білім туралы» заңдар қатары тілдер теңдігіне, орыс тілін мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен теңдей ресми тіл ретінде сақталуына кепілдік береді.

Мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру бойынша атқарылатын шаралар: 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес

1 кезең – 2018-2020 жылдары нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша дайындық жұмыстары мен іс-шаралар жүргізу;

 2 кезең – 2021-2023 жылдары латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарын беруді қамтамасыз ету көзделген. Филологтар мен ғалым-лингвистерді тарта отырып, орталықтардың оқытушылары мен ересек халықты үйрету үшін семинарлар мен лекциялар, курстар ұйымдастырылатын болады.

3 кезең – 2024-2025 жылдары мемлекеттік органдарының, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік БАҚ және баспалардың құжат айналымдарын латын графикасына толығымен көшіру жоспарланған.

 

Абай ауданының ішкі саясат,

мәдениет және тілдерді дамыту

 бөлімінің бас маманы Э.Ахметжанова

 

 

 










Артқа қайту