ҚАРАҒАНДЫДА: 9°C
  • USD 449.58
  • EUR 486.94
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Мақалалар

«Жаңа емле: құрылымы, ұстанымы» Г.Н. Сыдықованың мақаласы

02 Шілде 2019 11:10

       Жаңа әліпби негізінде әзірленген емле ережелері көпшілік назарына ұсынылып, жаппай талқылаудан өтіп, түзетулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Нәтижесінде мақұлданған нұсқасы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.
Фонематикалық принципті басшылыққа алған емле ережесі 9 тарау, 107 параграфтан тұрады. Емле ережесі (қазақ орфографиясының негізгі ережелері)  қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат болып саналады. Осы ереже арқылы жазу нормалары қалыптасып, тілдік заңдылықтар мен жазу принциптері қалыптасады. Барша сөздіктер мен  анықтағыштар осы ережеге сай құрылады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Уәли емле ережесін жасауда мынадай заңдылықтар мен ерекшеліктерді атап өткен болатын:

- тілдің жалғамдылығы;

- тілдің ықшамдылығы;

- тіл дыбыстарының үндестігі және дауыссыздардың бір-бірімен үйлесімдік заңы;

   Осы заңдылықтар аясында жасалған жаңа емле ережесінің мақұлданған нұсқасында әріптен басталып тасымалға дейінгі тақырыптар тарауға бөлініп, жеке-жеке қарастырылады. Қазіргі таңдағы белсенді  қолданыстағы әріптердің таңбалануы, түбір мен біріккен сөздер, қос сөздердің, шеттілдік сөздер, бас әріптің қолданылуы арнайы қарастырылып, жалпақ жұртқа түсінікті әрі  ыңғайлы берілген. Ереже мазмұнында маңызды тармақтары болып саналатыны –  шеттілдік сөздер емлесі. Қазірге дейін түпнұсқа күйінде айтылып және жазылып келген шеттілдік  сөздердің  емлесі қазақ тілінің табиғи заңдылығына бейімделіп, сауаттылығы жоғары қоғам мүшелерінің сауаттылығына нұқсан келтірмейтіндей етіп, шет тілдердің тұрпатын сақтап әрі өз тілімізге икемделіп жасалған.

    Жартылай дауысты, жартылай дауыссыз болып келген  У́ әрпі жаңа емледе дауыссыз дыбыс ретінде таңбаланады. Сондай-ақ  и және й болып екі таңбамен таңбаланған әріптер басы біріктіліп дауыссыз дыбыс ретінде таңбаланады. Шеттілдік сөздер емлесінде жаңа әліпбиге енгізілмеген әрбір әріптің баламасы берілген.

     Жаңа ережеде ғалымдарымыз  атап өткендей, ұлттық тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтары ескеріліп, жаһандану үрдісінде жазу-сызудың ұлттық сипаты сақталуы көзделген. Қорытып айтқанда, Жаңатұрпатты емле ережесі қазақ тілінің тілдік ерекшелігі мен ұлттық бояуын сақтап қалуға қызмет етеді деген ойдамын.


         «Теміртау қаласының тілдерді

дамыту орталығы» КММ

әдіскері Г.Н.Сыдықова
 










Артқа қайту