ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 446.49
  • EUR 475.38
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Республика жаңалықтары

30 Қараша 2021 10:09
Бүгін үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов елдегі эпидемиологиялық жағдай, халықты ревакцинациялау науқаны, сонымен бірге жаңадан пайда болған коронавирустың соңғы штамынының таралуын болдырмау мақсатында қолға алынған шаралар туралы айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
29 Қараша 2021 16:08
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін және тұрмыстық баллондарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде айтып берді. Оның мәліметінше, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдар өнеркәсіп кәсіпорындарын газбен жабдықтау объектілерінде 1053 бұзушылық анықталған. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
29 Қараша 2021 14:09
28 қарашада Оқушылар сарайында Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекесіне орай ұйымдастырылған Ұлттық мектепшілік пікірсайыс турнирінің финалы өтті.
29 Қараша 2021 13:43
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров экономикаға инвестициялар тарту қорытындылары және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
29 Қараша 2021 11:44
Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз мәжілісінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіп мәселелерін шешудегі учаскелік инспектордың рөлі мен орны, қызмет көрсетілетін учаскелердегі халықпен кері байланыс тетігі туралы айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.
26 Қараша 2021 16:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Осы орайда, экстракорпоральды ұрықтандыруға бөлінетін квотаның саны 7 мыңға дейін артты. Осылайша, мыңдаған отбасы бала сүю бақытына ие бола алады. Ал барлық шығын мемлекет есебінен төленеді. Бағдарламаның жүзеге асуы, қатысу шарттары және жолдама алу туралы толығарақ Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалынан оқи аласыз.
26 Қараша 2021 09:28
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің Қазақстан аумағында орналасқан жеке тұлғаларға сатылған тауарлары, көрсетілген қызметтері үшін шетелдік интернет-компаниялардың ҚҚС төлеу жөніндегі міндеттемелері туралы нормалары күшіне енеді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
25 Қараша 2021 17:38
ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 260 миллионнан асқан, ал Қазақстанда өткен тәулікте 946 адамнан коронавирус анықталған. Қазіргі уақытта бірнеше елдерде ауру саны қайта өсуде.Толығырақ әлемдегі эпидемиологиялық жағдай туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.
25 Қараша 2021 15:35
Бүгін елордада республика бойынша 15-25 қараша аралығында өтіп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында баспасөз жиыны өтті.  Іс-шарада ЖИТС орталығының директоры Сәбит Абдраимов онкүндікте атқарылған іс-шаралар мен  ЖИТС-тың қаламыздағы бүгінгі ахуалын айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тiлшiсiнiң матеpиалында.
25 Қараша 2021 14:19
Елордада 24 қараша күні қазақ тілінде дыбысталған «Энканто» анимациялық фильмінің алдын-ала көрсетілімі өтті. Бұл – «Өзіңнен баста» жобасы аясында мемлекеттік тілге аударылып, дыбысталған голливудттың 38-өнімі. Енді қаңтардан бастап ел үкіметінің қолдауымен жыл сайын әлемдік деңгейдегі 15 фильм ана тіліне дыбысталып, көрерменге жол тартпақ. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.
Страницы 1 2 3