ҚАРАҒАНДЫДА: 18°C
  • USD 377.18
  • EUR 426.14
  • RUB 5.98
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Республика жаңалықтары

24 Маусым 2019 18:26
Алматы облысының тәртіп сақшылары «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы шеңберінде облыс тұрғындарына ақпараттық-құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Сондай-ақ, «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында жазғы лагерьде демалушы балаларға жол қозғалысы бойынша байқау өткізілді.
24 Маусым 2019 17:25
Елімізде еңбек демалысы маусымы басталды. Осы кезеңде жұмыс істейтін азаматтардың жыл сайынғы еңбек демалысы күндерінің санын дұрыс есептеу өте маңызды, өйткені мұндай есептеу «демалыс төлемінің» сомасына әсер етеді. Оның үстіне ҚР Еңбек Кодексінің 91 бабына сәйкес – жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде еңбек өтілін есептеу, нақты жұмыс істелген уақыт, жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт, жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады, делінген.
24 Маусым 2019 17:18
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде кеңес өтті,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
24 Маусым 2019 17:07
Сенаттың кезекті отырысында бірқатар заң жобалары қаралып, Үкімет басшысына депутаттық сауалдар жолданды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы да бар. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
24 Маусым 2019 14:10
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, Қазақстан халқы дәл қазір 39 түрлі әлеуметтік төлем алып жатыр. Былтырғы жылдың өзінде республикалық бюджеттен осы әлеуметтік салаға 2 трлн. 600 млрд. теңге жұмсалған. Әлеуметтік сақтандыру қорына жұмыс берушілерден түскен қаржыға жұмыс істейтін азаматтар үшін 5 түрлі әлеуметтік көмек көрсетіледі. Тек қана өткен жылы аталған көмекті 800 000-ға жуық қазақстандық алған. Оған кеткен қаржының көлемі 190 млрд теңге. Биылғы жылы әлеуметтік салаға бөлінген жалпы қаржы 3,3 трлн теңге. Оның ішінде 2,8 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге бөлінген.
24 Маусым 2019 12:31
2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауында Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру мақсатында сот жүйесін одан әрі жаңғыртуды тапсырды. Ол үшін үш басымдық белгіленген.
24 Маусым 2019 10:15
Қазақстанның Елордасында тұңғыш рет журналистердің құрметіне жасыл аллея ашылды. Төртінші билік өкілдеріне арналған бұл шараны Қазақстан құрылысшылары одағы ұйымдастырды. Аллеяға 14 БАҚ-тан 40-тан астам журналистер өз қолдарымен шырша көшеттерін отырғызды.
24 Маусым 2019 09:48
«7-20-25» бағдарламасын бойынша жұмыс істейтін банктер 1-ші шілдеден бастап 20%-дан артық бастапқы жарна сомасын қабылдай алады.
22 Маусым 2019 14:21
Бурабайда тұңғыш рет «Жас мемлекеттік қызметшілердің форумы өтті. Шара Жастар жылы аясында Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ұйымдастырлды. Жиынға мұрындық болған Кәсіподақтар федерациясы жастарға қолдауды күшейту мақсатында осындай шараларды өткізу айтырлықтай маңызды екенін атап өтті. Форум туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
22 Маусым 2019 12:36
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру денсаулық сақтау саласын қаржыландыру деңгейін арттыруға көмектеседі. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының мұрындық болуымен өткен ашық пікірталаста Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Сондай-ақ, отырыста денсаулық саласын дамытуға қанша қаржы қажет екені және саладағы жаңа реформалар талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.