IN KARAGANDA: 19°C
  • USD 386.04
  • EUR 427.77
  • RUB 5.88
FOR THE VISUALLY IMPAIRED
Карта
Adress Shakhterov Avenue, 64
Телефон
Contact numbers +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

PROJECTS

Қазақша оқы, Latynsha jaz!

«Қазақша оқы, латынша жаз» акциясы 18 шілде күні басталды. Осы уақытқа дейін әлеуметтік желілерде (Фейсбук, Инстаграм) қырық бестен астам пост (жазба) жарияланды. Постта қазақтың мақал-мәтелдері, қазақ классикасының шығармалары шықты. Сондай-ақ, «Мақалды жалғастыр» интелектуалдық онлайн-ойыны өтіп, оған оқырмандар белсенді қатысты. Пост тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Инстаграм парақшасында, Фейсбук әлеметтік желісінің «Ресурстық тіл орталығы», «Жаға ұстатты», «Жұрт не демейді?», «Мағыналы сөздер», «Терең мағыналы сөздер», «Дүние қазақ қандастары» сынды ашық топта жария болды. Акцияға 600-ден астам әлеуметтік желі қолданушысы қатысты. Екі жүзден астам пікір білдірілді.

Акция барысында көбінесе оқырмандар латын қарпіне арналған пернетақтаның жоқтығы туралы айтты. Оларға ұялы телефонға арналған «Qazaq Keyboard» пернетақтасының бар екені түсіндірілді. Акция жалғасын табуда. Шараға оқырмандар белсенді қатысып, қазақ мақал-мәтелдерін латын қарпімен сауатты жазуда бейімделуде. Осы акция барысында «9 қала. 9 аудан» жобасы да жүзеге асырылып жатыр. Акция 1 тамыз күні басталды. Оған 70-тен астам оқырман қатысып үлгерді. Мұнда аймағымызға қарасты жер-су аттарын латын қарпімен жазып, жариялап жатырмыз. Акция оқырмандар сұранысынан туындады.

Одан әрі Латын қарпіне байланысты сауалнама жүргізілді. Оқырмандарға «Латын қарпімен жазу һәм оқу барысында қандай қиындыққа тап болдыңыз?» сауалы қойылып, төмендегідей нұсқалар ұсынылды:

«Щ» әрпінің екі «Ш»-мен берілуі (ащы – ashshy) (23 дауыс)

«У» және «Ы» әріптерінің қатар келуі (жауын – jaýyn) (31 дауыс)

«С» және «Х,Һ» әріптерінің қатар келуі (асхана – ashana) (25 дауыс)

«А» және «Ә» әріптерінің берілуі (aq – ák) (11 дауыс)

«І» және «И» әріптерінің берілуі (jına, jibek) (17 дауыс)

«Ц» әрпінің сөз басында «S» түрінде сөз ортасында «ts» түрінде берілуі (sentner, protsent). (12 дауыс)

Нәтижесінде «У» және «Ы» әріптерінің қатар келуі (жауын – jaýyn)» нұсқасына 31 адам дауыс берсе, «С» және «Х,Һ» әріптерінің қатар келуі (асхана – ashana)» нұсқасы 25 дауыс жинады. Қалған нәтиже жоғарыдай. Жалпы сауалнамаға бас-аяғы 117 адам қатысты.

«Latyn-karaoke» жобасы аясында «Арыс жағасында», «Мен – қазақпын», «Ана туралы жыр» әндеріне караоке жасалды. Караоке «Q-ǴALAM» ютуб-арнасында жарияланып, мыңға жуық көрсетілімге ие болды.



Back